ШҚО-да 1000-нан астам көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды

ШҚО-да полицейлер прокуратура өкілдерімен және жеке сот орындаушыларымен бірге жетінші рет "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.
Жедел-алдын алу іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары ҚР ЖЖҚ борышкерлері мен қасақана бұзушыларды анықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Іс-шара нәтижесінде, атқарушылық өндіріс қызметкерлерімен бірлесіп 130 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді. Төленбеген айыппұлдар үшін 1000-нан астам көлік арнайы автотұрақтарға қойылды.
- Полиция қызметкерлері әкімшілік айыппұлдарды төлеу тәсілдері туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы уақыт ішінде тәртіп сақшылары 19 мың үй мен пәтерлерді тексеріп, 12 мыңнан астам жүргізушіні хабардар етті, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар оқыңыз
«Борышкер»: ШҚО-да шамамен 30 миллион теңге айыппұл өндірілдіШҚО-да 40-тан астам автокөлік арнайы тұраққа қойылдыШҚО-да 44 жол ережесін бұзып, айыппұл төлемеген жүргізуші анықталды«Борышкер»: ШҚО-да 17 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді«Борышкер»: Айыппұл өтемегені үшін 42 көлік айыппұл тұрағына қойылды