KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

ШҚО-да заңсыз пиротехника сататын орындар анықталды

27.12.2022, 16:38 316 Ләззат Қанатқызы

ШҚО ПД қызметкерлері мен ТЖД құтқарушылары өңірде сертификаты жоқ пиротехникалық өнімдерді сатумен күресуге бағытталған 120-ға жуық рейд жүргізді.

Профилактикалық іс-шаралар барысында отшашуларды сатуға рұқсат беретін лицензияның бар-жоғы тексеріледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Пиротехника" жедел - профилактикалық іс-шараларының нәтижелері бойынша 131 контрафактілік бірлік тәркіленді. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 196-бабы 1-бөлігі бойынша 7 хаттама жасалды. Өскемен қаласында, Күршім, Зайсан және Шемонаиха аудандарында заңсыз сату нүктелері анықталып, 268 013 теңге сомасына айыппұл салынды.

Сатушылардың айтуынша, рұқсат құжаттарын алуға уақыт тығыз болған көрінеді.

- Пиротехникалық бұйымдарды бөлшек сауда дүкендерде, дүкендердің бөлімдері мен секцияларында, павильондар мен дүңгіршектерде жүзеге асырылады, олар өнімнің сақталуын қамтамасыз етеді, оған тікелей күн сәулесі мен атмосфералық жауын-шашынның түсуіне жол бермейді. Пиротехникалық бұйымдарды сататын үй-жайлардың орналасуы штаттан тыс жағдайларда адамдарды эвакуациялауға кедергі келтірмеуге тиіс. Сауда үй - жайлары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс, - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына пиротехникалық бұйымдарды контейнерлерден тыс жерде және пиротехникалық бұйымдарды сақтауға лицензиясы мен рұқсаты жоқ адамдардың ашық сөрелерден, автокөліктерден, шатырлардан, қолдан қолға және адамдар жүретін орындарда сатуға қатаң тыйым салынғанын тағы да еске салады.

Ең алдымен, өнімнің сертификатталғанын көру үшін пиротехниканы пайдалану ережелерімен танысу қажет. Оны сақтау және сату мерзіміне назар аударуды ұмытпаңыз: егер тауар мерзімі өтіп кетсе, оны ешуақытта қолдануға болмайды. Қаптама бүтін болуы, жыртылмауы керек. Ғимараттар мен пәтерлерде отшашуды атуға болмайды. Тұрақта тұрған автомобильдер мен ғимараттардың жанында отшашулар түрін  атуға болмайды. Іске қосу радиусында 50 метрде өрт қауіпті объектілер болмауы тиіс. Балаларға петардаларды іске қосуға қатаң тыйым салынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив