KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды – ШҚО

9.01.2023, 12:38 361 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да жайылып жүрген жылқыларды атып алып, тушаны бөлшектеп, қалаға әкеліп сатпақ болғандар ұсталды.

Полиция қызметкерлері «Шешек» асуын патрульдеу барысында шамадан тыс жүк тиеген көлікті тоқтатқан. Күршім ауданының 29 жастағы тұрғыны тізгіндеген автокөлікте жүргіушімен қатар 2 жолаушы болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Көлікті тексеру барысында тәртіп сақшылары бөлшектелген жануардың тушасын және көліктің маңынан мылтық тапқан.

- Белгілі болғандай, жолаушылардың бірі полиция қызметкерлерін көріп, суық қаруды лақтырып үлгерген. Жауап алу кезінде олар Ұлан ауданы Мамай батыр ауылына қандай да бір мақсатпен кеткендері туралы айтты. Осылайша, жақын жерде жайылып жүрген жылқыны мылтықпен атып өлтіріп, тушаны бөлшектеп, Өскеменге барар жолда жануардың терісі мен басын лақтырып, әрі қарай етті сату үшін жолға шыққан, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның барысында қылмыстық топ бұрын Ұлан ауданының аумағында мал ұрлығымен айналысқаны анықталды. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив