KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Өскемендік тұрғыны көлік аламын деп алаяққа алданған

28.01.2023, 10:01 421 Ләззат Қанатқызы

Аукцион арқылы автокөлік сатып алуға  ұсыныс жасаған танысы Өскемен тұрғынын алдап кетті.

Өскемен қаласындағы Үлбі полиция бөлімшесіне 39 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ол өзінің танысы 2013 жылы шығарылған «Hyundai Accent» маркалы автокөлікті аукцион арқылы сатып алу сылтауымен оның 1 325 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алдап иемденіп алғанын айтты.

- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ол бұрын сотталған 46 жастағы қала тұрғыны болып шыққан, күдікті жауап алу кезінде кінәсін мойындаған, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті екі жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылады

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив