KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да тәртіп сақшылары интернет алаяқтар тобын ұстады

31.01.2023, 17:15 253 Ләззат Қанатқызы

Күдіктілер қылмыс жасау үшін 253 мобильді құрылғы мен 573 ұялы байланыс операторларының абоненттік нөмірлерін пайдаланған.
ШҚО  ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мақсатты іс-шаралар өткізу нәтижесінде 2022 жылдың қаңтарынан бастап Интернет желісі арқылы алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
19 қаңтар күні Өскеменде тәртіп сақшылары қылмыстық әрекетті ұйымдастырушы 28 жастағы қала тұрғыны мен 22 және 27 жастағы көмекшілерін қолға түсірген.
Олар Instagram әлеуметтік желісінде жалған аккаунт ашып, онда онлайн несие ресімдеуге көмектесетіндері туралы хабарландыру таратқан.
Артынша өздеріне жүгінген азаматтарға олар микрокредиттік ұйымдарда тауарлық кредиттер ресімдеген.
Қазіргі уақытта Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде және ШҚО тұратын 109 жәбірленуші анықталған.

- Күдіктілердің тұрғылықты жеріне тінту іс-шараларын жүргізу барысында теңгеріміне 60-тан астам тұлғалардан толықтырулар жүзеге асырылған ұялы телефондар, түрлі банктердің банктік карталары, ұялы байланыс операторының "Симплей" карталары тәркіленді.  Жедел тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде олар қылмыс жасау үшін 253 мобильді құрылғы мен ұялы операторлардың 573 абоненттік нөмірін пайдаланғаны анықталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жүргізілген тергеу әрекеттері барысында полиция қызметкерлері жәбірленушілерге несие ретінде ресімделген теледидар, планшет, ұялы телефондарды күдіктілер Өскемен қаласының ломбардтары мен комиссиялық дүкендеріне тапсырған, сондай-ақ өткізілген тауарлардың жазбалары бар журнал сияқты заттай дәлелдемелерді тәркілеген.
Криминалдық полиция қызметкерлері осындай қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында басқа облыстарға бағдар жолдады.

Күдіктілерге қатысты ҚРҚҚ-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жалғасуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив