Өскемен
+10°
переменная облачность ветер 4 м/с, С
458.87 493.84 6

ШҚО-да автокөлікті тегін иемденбек болған тұрғын ұсталды

1.02.2023, 11:01 150 0 Ләззат Қанатқызы

Бейтаныс адамның көлігін тегін иемденбек болған облыс орталығының тұрғыны ұсталды.

Өскемен қаласындағы Үлбі полиция бөлімшесіне Ұлан ауданының 19 жастағы тұрғыны жүгенген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оның айтуынша, Тихая көшесінде белгісіз ер адам сатып алу сылтауымен оның «ВАЗ-2114» маркалы автокөлігін алдап иемденіп кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 2 000 000 теңгені құрайды.

- Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын анықталып, өз кінәсін мойындаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив