KZ
Өскемен
+12°
небольшой дождь жел 4,3 м/с, З
441.66 475.14 4.86

Ойын приставкасын жалға алған тұрғын жауапқа тартылды - Өскемен

3.02.2023, 15:25 335 Ләззат Қанатқызы

Құны жарты миллион тұратын ойын приставкасын жалға алып, иесіне қайтармаған өскемендік ұсталды.

Өскемен қаласындағы Үлбі полиция бөлімшесіне 22 жастағы қала тұрғыны жүргініп, алаяқтың құрбаны болғанын айтып, шағымданды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оның айтуынша, бейтаныс жас жігітке құны жарты миллион тұратын ойын приставкасын жалға берген. Алайда, жалға алушы затты иесіне қайтаруға асықпаған көрінеді. Зардап шегуші құрылғысын өз бетінше қайтаруға тырысқанымен, ол әрекетінен ештеңе шықпаған.

- Іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол қаланың 22 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ойын приставкасы тәркіленіп, иесіне қайтарылды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив