KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Қос азаматтықпен жүрген 60-қа жуық адам анықталды – ШҚО

6.02.2023, 12:38 293 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да қос азаматтық фактілерінің өсуі байқалады. Мәселен, 2022 жылы ШҚО ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері 60-қа жуық қос азаматтықпен жүрген адамды анықтаса, 2023 жылдың қаңтарында құқық қорғау органдары қос азаматтығы бар 6 құқық бұзушыны ұстады.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі облыс аумағында қос азаматтығы бар адамдарды анықтау бойынша күнделікті жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Қос азаматтықтың бірнеше себептері бар: бұл-карантиндік шектеулер кезеңінде мемлекеттік шекарадан кедергісіз өту, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда шұғыл эмиграция мүмкіндігі, материалдық артықшылықтар алу, атап айтқанда зейнетақы есебі, балалар туылған кездегі жәрдемақы, жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдік жағдайлары болып табылады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.


Мысалы, ағымдағы жылдың қаңтар айында Шемонаиха ПБ қызметкерлері екі зейнеткерді анықтаған, олар 2022 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын алып, ол туралы Ішкі істер органдарына немесе ҚР шетелдегі мекемелеріне хабарлама жасамаған. Осы уақыт ішінде Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен жеке куәлігін тапсырмай ҚР азаматтығы туралы заңнаманы бұзған.
ҚР ӘҚбтК-нің 496-бабы бойынша ресейліктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сот шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылды.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салады және көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив