KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Өскемендегі ЖШС экспедиторы 2,5 млн. теңгеден астам қаражатты ұрлаған

6.02.2023, 15:22 339 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласындағы Үлбі полиция бөлімшесіне көтерме сауда серіктестігінің Өскемен қаласындағы филиалының директоры жүгінген.

Оның айтуынша, компанияның бұрынғы қызметкері ЖШС аумағында еркін қол жеткізу арқылы 2 741 864 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты жасырын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол бұрын сотталған 28 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жауап алу барысында ұсталған адам ұрлық жасаған кезде экспедитор қызметін атқарғаны, тауарды сауда нүктелеріне жеткізгеннен кейін жеткізген тауардың ақшасын жинап, қашып кеткені анықталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив