KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 2 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Жерлесінің үйін тонап кеткен тұрғын ұсталды - ШҚО

16.02.2023, 10:18 263 Ләззат Қанатқызы

Ақсу ауылының 53 жастағы тұрғыны Катонқарағай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жүгінген.

Оның айтуынша, белгісіз біреу есікті бұзып, үйіне кіріп, оның шкафта сақтаған шамамен 2 500 000 теңгесін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ақшалай қаражаттан бөлек күдікті үйден смартфон,  салмағы 40 кг бал құтысы мен ас үй пышағын да алып кеткен көрінеді.

- Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ол бұрын сотталған ауданның 26 жастағы тұрғыны болып шыққан, оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Кінәсін дәлелденген жағдайда, қаскөйді екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив