KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Банкке 8 млн теңге берешегі бар азамат ұсталды – ШҚО

21.02.2023, 22:44 343 Ләззат Қанатқызы

Облыс көлемінде 20 ақпаннан бастап "Мигрант" Республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.
Тәртіп сақшылары "Халықтың көші-қоны туралы" Заңның талаптарын сақтау және қоныстанған шетелдіктер туралы ақпараттандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Полиция департаменті облыс аумағындағы және уақытша тұруға рұқсаты жоқ не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын шетелдіктерге тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметі бөлімшелеріне жүгіну қажеттігі туралы хабарлайды.
Сонымен қатар, көші-қон қызметі қызметкерлері ЖПІШ кезінде алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлер мен алимент төлеушілерді іздестіруді жалғастырады.

- "Мигрант" жедел профилактикалық іс-шарасының бірінші күні тәртіп сақшылары бірнеше сағат ішінде банктердің біріне 8 миллион теңгеден астам қарыз болып, іздеуде жүрген азаматты анықтаған. Борышкер төрт ай бойы төлем жасаудан жалтарғаны белгілі болған. Қазіргі уақытта мәліметтер қарызды өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға берілді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

"Мигрант" ЖПІШ 28 ақпанға дейін жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив