KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген жасөспірімдер ұсталды - Өскемен

Шартты сурет

24.02.2023, 12:30 305 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында 15-17 ақпан аралығында өткізілген “Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды.

Полиция қызметкерлері түнгі уақытта кәмелетке толмағандар баруы мүмкін деген нысандарға, ойын компьютерлік клубтарында, түнгі клубтарға тексеру жүргізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, балаларының түнде заңды өкілдерсіз үйден тыс болғаны үшін 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ тағы екі ата-ана балалардың ойын-сауық орындарында болғаны үшін, төрт адам бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік тәртіппен жазаланды.

- Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына үш бала орналастырылды. Төрт кәмелетке толмаған және алты тұрмысы нашар отбасы анықталып, есепке алынды,-деп атап өтті Өскемен қалалық полиция бөлімінің мамандары.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив