Алтайда мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Желтоқсан айының соңында Алтай қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 37 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен «Nissan» автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде, оның 2019 жылдың қазан айынан бастап 6 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Сонымен қатар, куәландыруға жеткізілген жүргізуші орташа мас күйінде болғанын көрсетті.
Автокөлік арнайы тұраққа, ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 346-бабының 1-бөлігі – «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар оқыңыз
Конституциялық реформаны түсіндіру бойынша әдістемелік құралКөлік жүргізу құқығынан айырылған семейлік жүргізуші тағы да мас күйінде ұсталдыМас күйде көлік жүргізіп, ұсталды – Семей Екінші рет мас. Аягөз тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкінКөлік жүргізу құқығынан айырылған тағы да бір мас жүргізуші ұсталды - ШҚО