KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Өскеменде пара алған полицей 3 жыл 6 айға сотталды

шартты сурет

22.05.2023, 12:13 322

2023 жылғы 17 мамырда Өскемен қалалық №2 сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігімен айыпталған, яғни лауазымды тұлғаның пара берушінің пайдасына заңсыз әрекетсіздігі әрі өзіне қомақты мөлшерде ақша түріндегі пара алғаны үшін  Н-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауынша, Н. учаскелік инспектордың көмекшісі бола тұра, М-дан Өзбекстан Республикасының басқа да азаматтарының Қазақстан Республикасында уақытша тіркелген мекенжайы бойынша тұрмайтындығы туралы анықталған фактілерді көші-қон қызметіне тиісті рапортпен хабарламағаны үшін 100 000 теңге пара алған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

  "Сот дәлелдемелерді, атап айтқанда, куәлардың жауаптарын және істің басқа материалдарын зерттей келе, сотталушының кінәсі толық дәлелденді деп санады. Прокурор сотталушыға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Алайда сотталушы Н. қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын мойындамады. Қорғаушы болса, сотталушыны ақтауды сұрады. Сотталушы жасаған қылмыстық құқық бұзушылық ауыр қылмыстар санатына жатады", деді Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігінің санкциясы айыппұл немесе бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

  Сот жасалған қылмыстың сипатын, ауырлығын және қоғамға қауіптілігін ескере отырып, Н-ға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу жазасын тағайындады. Сотталушы «полиция лейтенанты» арнайы атағынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, деді баспасөз қызметіндегілер.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив