KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ҚР ҰҚК ШҚО бойынша департаменті "Восточный экспресс" арнайы операциясын өткізді

Фото: vjdo.kz

2.06.2023, 22:41 185

Департамент қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында қылмыстық топ қолға түсті.

"Восточный экспресс" арнайы операциясы 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ақтоғай кентінің маңында өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сол уақытта Қытайдан Қазақстанға тауар тиелген вагондар жөнелтілген-ді, ал соңғы станцияға вагондар бос келген. Бұл ретте барлық вагондарда пломбалар бүтін болғанын айта кеткен жөн.

Бұл жерде нақты реттелген қылмыстық схема жұмыс істегенін анықтаған ҚР ҰҚК ШҚО бойынша департаменті оны жою үшін "Восточный экспресс" арнайы операциясын бастайды.

Департамент қызметкерлері ұрлық фактілерін растап қана қоймай, Еуропа елдеріне тікелей жүріп бара жатқан вагондарды ашқан белсенді қылмыстық топ мүшелерін анықтайды. Ұрлық "үлесте" көліктегі күзет қызметкерлері мен теміржол станциясының қызметкерлері де болған.

Оларды ұстау үшін операцияның соңғы кезеңінде ҰҚК мен ІІМ жауынгерлері жүк вагонында бірнеше күн тұрып, ұрлықты күтті. Нәтижесінде олар қылмыскерлерді вагондардан да, жұмыс орындарынан да құрыққа түсірді.

Операция нәтижелері бойынша біз талдау жүргізіп, қауіпсіздікті күшейту қажет болатын әлсіз нүктелер мен әлсіз тұстарды анықтадық, деп атап өтті ҚР ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басқармасының басшысы Қадыжан Ақытбаев.

2019 жылғы арнайы операциядан кейін теміржол тасымалын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауар айналымының өсуі байқалған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив