ШҚО-дағы колонияда сотталушыға қысым көрсетіп, камераға түсірген – Бас прокуратура

Фото: ult.kz
Арнайы прокурорлар ШҚО колониясында жазасын өтеушіге азаптауды қолданудың дәлелдерін анықтады.
Олар полиция қызметкерінің басқа сотталғандарға кінәліні азаптау туралы нұсқау бергенін дәлелдеді. Сотталғандар "жалған" бұзушылықтар үшін жазаланған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мысалы, сотталған адам жеткілікті қырынбағаны үшін немесе мекеме қызметкерлерінің аты мен әкесінің атын айта алмаса, «жазаға» тартылған. Азаптау процесі бейнекамераға жазылған.
2023 жылдың ақпанында Бас прокурордың наразылығымен Жоғарғы сот апелляциялық сатыдағы ақтау үкімінің күшін жойды.
Белгілі болғаны, бұрын ол полицей түрмеде жүйелі азаптауды ұйымдастырғаны үшін сотталып, үш жарым жыл жазасын өтеген.
Тергеу барысында Бас прокуратураның арнайы прокурорлары мекемедегі экс-полицейдің басшылығымен қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдарға азаптау қолданылғаны туралы даусыз дәлелдер тапты, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
221
0
0
Сонымен қатар оқыңыз
Қаңтар оқиғасы. Азаптау дерегі бойынша 327 қылмыстық іс қозғалғанҚаңтар оқиғасында қаза тапқан тұлғалардың тізімі жарияландыАзаптау туралы хабарлау үшін QR код әзірленді – ШҚОҚаңтар оқиғасы: ҰҚК қызметкерлері азаптау ісі бойынша тергеліп жатырТергеу изоляторындағы азаптаулардан ШҚО-да үш адам көз жұмды