Өскемен
+1°
пасмурно ветер 1 м/с, С
457.29 490.35 5.97

Мас күйінде көлік тізіндеген ер адам ұсталды - ШҚО

30.11.2021, 16:32 25 0 Ләззат Қанатқызы

Қараша айының ортасында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында Семей қаласының полиция қызметкерлері жүрісі күдік тудырған «Toyota» автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Көлікті тізгіндеген Бородулиха ауданының 31 жастағы тұрғыныны бірден қалалық наркологияға жеткізілді. Нәтижесінде, жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас болғаны белгілі болды.
Тексеру барысында ер адамның осыған дейін мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346 - бабы 1 - бөлігі - «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не осындай адамға көлік құралын басқаруды беруі, сол сияқты санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін көлік құралын басқаруға осындай адамды жіберу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив