Глубокое ауданында 18 жастағы қызды көлік қағып кетті

19 қараша күні сағат шамамен 18.30 кезінде Глубокое ауданы Прапорщиково ауылындағы Өскемен-Шемонаиха — РФ шекарасы тас жолында 18 жасар қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- Облыс орталығынан келе жатқан Honda-CR-V көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінің жанында 2003 жылғы қызды қағып кеткен. Зардап шеккен бойжеткен бірден ауруханаға жатқызылды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі (абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ал 18 жасар қыздың отбасы әлеуметтік желілерде оқиға орнында болған куәгерлердің хабарласуын сұрайды.
Сонымен қатар оқыңыз