KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскемен – Алматы тас жолында көлік апатынан 2 адам көз жұмды

8.09.2022, 11:18 146

6 қыркүйек күні Ұлан ауданының маңында Toyota көлігі мен Камаз соқтығысып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

— Toyota көлігін басқарып келе жатқан 24 жастағы жүргізуші көлікке ие бола алмай, Камазбен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің екі жолаушысы (1984 және 1978 жылғы ер адамдар) оқиға орнында қайтыс болды, ал жүргізуші мен тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді, - ШҚО ПД баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив