Семейде балаларды қағып, қашып кеткен күдікті қолға түсті

10 қараша күні сағат 18.00 шамасында белгісіз жүргізуші Морозов-Шевченко көшелерінің қиылысында екі бірдей кішкентай баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткенін хабарлаған болатынбыз.
Қазіргі уақытта жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ВАЗ 2113 көлігін тізгіндеген 16 жастағы жүргізушісі анықталды.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән - жайлары анықталуда, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, - деп хабарлады Семей қалалық ПБ баспасөз қызметі.
Сонымен қатар оқыңыз