KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Бородулиха тұрғыны гаражында қару жасырып жүрген

9.11.2021, 10:46 168

Ағымдағы жылдың 23 қазанында «Учаске» және «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Бородулиха ПБ полиция қызметкерлері қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады.

Белгілі болғандай, Жаңа Шүлбі ауылының 18 жастағы тұрғыны гаражында қару сақтаған.

- Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде жоғарыда аталған жігіттің гаражынан тапанша табылып, тәркіленді. Тергеу амалдары барысында, жігіт 2020 жылы жазғы ас үйді жинастырып жүргенде, оның шатырынан мылтық тауып алып, кейін оны пешке жасырғанын айтқан. Алайда жауапкершіліктен қорыққан ол полицияға хабарламаған», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған қару оқ атуға жарамды, 9 мм калибрлі «МР-79-9» травматикалық тапаншасы болып табылады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды- қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив