Риддерде 10 жастағы баланы көлік қағып кетті

7 қараша күні сағат шамамен 13.30 кезінде Риддер қаласындағы Айдарханов көшесінде 10 жастағы баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, дене жарақатын алған бала қазір Риддер қалалық ауруханасында жатыр.
- Mitsubishi көлігін тізгіндеген жүргізуші көлікті басқара алмай 2011 жылы туған баланы қағып кеткен, — деді ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі (абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сонымен қатар оқыңыз