Өскемен
-18°
туман ветер 2 м/с, СЗ
468.98 493.74 7.59

ШҚО тұрғыны саяжайда тыйым салынған өсімдік өсірген

5.09.2022, 12:19 446 0 Ләззат Қанатқызы

«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері саяжайлардың бірін тінту барысында 34 жастағы облыс орталығының тұрғынынан жасыл түсті өсімдік тәркіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тінту кезінде ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша үш пластикалық құмыра табылып, олардың әрқайсында бір-бірден 3 түп өсімдік өскен, сондай-ақ 230 грамнан астам кептірілген марихуана тәркіленді.
Сонымен қатар, көлігінен қоңыр-жасыл түсті өсімдік заты бар шыны ыдыс табылған.
- Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған өсімдіктер жалпы салмағы 1 килограмнан асатын құрамында есірткі заттары бар «Каннабис» түріне жатады. Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 300 - бабының 1-бөлігі – «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив