KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 3 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Өскемен мен Семей сауналарында жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталды

24.09.2021, 11:10 131

19-24 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Стоп-Трафик» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Шара шеңберінде полицейлер еңбек және сексуалдық қанау фактілерін анықтау мүмкіндігі жоғары қонақ үйлер мен ойын-сауық мекемелерін, монша кешендерін және басқа да әртүрлі объектілерді тексеріп, соның нәтижесінде тәртіп сақшылары әкімшілер жеңіл жүрісті қыздарды «ұсыну» арқыды Семей және Өскемен қалаларының сауналарында жезөкшелікпен айналысуға жеңгетай болып, қосымша заңсыз табыс тауып келгендер анықталды.

Бұл ретте осындай қызмет көрсеткені үшін жезөкше тапқан табысының 30%-ын сауна әкімшісіне «сыйақы» ретінде беріп отырған.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабы - жеңгетайлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған адамдарға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сонымен қатар, интимдік қызмет көрсететін әйелдердің өздері арнайы есепке алынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив