KZ
Өскемен
+6°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Қызметтік ит стационарлық бекеттен есірткі алып өтпек болған тұрғынды ұстады - ШҚО

15.09.2021, 13:22 84

«Берлин» атты неміс овчаркасы шетелдік көліктің салонында тыйым салынған заттың бар екенін иісінен анықтап білген.

ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Шемонаиха ауданында орналасқан "Рубеж" СКП бекетінде «Volkswagen» автомашинасын тоқтатқан, автомобильді басқару заңдылығына қатысты құжаттарды тексеру барысында "Берлин" қызметтік иті автокөлік салонындағы жолаушыда есірткі заттарының болуы мүмкін екендігі туралы белгі берген.

- Жеке тінту барысында Усть-Таловка кентінің 41 жастағы тұрғынының трикосының сол жақ қалтасынан полиэтилен пакетке салынған ерекше иісті қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес заты бар полимерлі түйіншек табылып, тәркіленеді.

Маманның қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 1,08 г құрайтын «кептірілген марихуана» болып табылады,-деді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нүриев. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі «есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, оның санкциясына сәйкес 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сол мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив