ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-29°
туман Штиль
467.99 488.82 7.7
KZ RU

Серіктесінен қарыз алып, қашып кеткен күдікті «Алматы-Астана» пойызында ұсталды – ШҚО

21.10.2022, 18:05 5 0 Ләззат Қанатқызы

Ер адам бизнес бойынша серіктесінен қомақты қаражат ақша сомасын қарызға алып қашып кеткен.

Өскемен қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысынан жергілікті тұрғынға қарыз болып қалған 33 жастағы азаматтан екі миллион теңгеден астам қарыз өндіріп алу туралы қаулы келіп түскен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, бұрынғы бизнес серіктесі 2020 жылғы желтоқсанда қолхатпен 2 407 402 теңге қарыз алған, алайда екі жыл ішінде бір тиын да қайтармаған көрінеді.

-        Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері борышкердің орналасқан жерін анықтаған. 33 жастағы қаскөй осы уақытта Алматыдан Астанаға кетіп бара жатқан поезда болған. Полицейлер борышкерді Шу қаласындағы станцияда ұстаған. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысатын болады, - дейді ШҚО ПД КҚҚБ бастығының міндетін атқарушы Ринат Шкибаев.

ШҚО ПД көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін Заңмен ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Кеше, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Кеше, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Кеше, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Кеше, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Кеше, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Кеше, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Кеше, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Кеше, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Кеше, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Кеше, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Кеше, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен 27.11.2022, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды 27.11.2022, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады 27.11.2022, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды 27.11.2022, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады 27.11.2022, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады 27.11.2022, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО 27.11.2022, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал 27.11.2022, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО 27.11.2022, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды 27.11.2022, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды