KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
439.43 473.31 4.82

Үйінің ауласында тұрған көлікті ұрлап кеткен – Глубокое

16.08.2021, 12:23 261

5 маусым күні Глубокое ауданының ПБ кезекші бөліміне Глубокое кентінің 35 жастағы тұрғыны белгісіз тұлға үйінің ауласында тұрған «ВАЗ» маркалы автокөлігін ұрлап кеткенін айтып, шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұл автокөлік жәбірленуші тұратын үйдің жанынан табылды.

15 күннен кейін Глубокое ауданының полиция бөліміне ауданның тағы бір 35 жастағы тұрғыны хабарласып, оның есігі құлыпталмаған «ВАЗ» көлігі белгісіз біреулер заңсыз иемденіп кеткенін жеткізген.

Іздеу шаралары барысында ұрланған көлік «Глубокое-Белоусовка» автомобиль жолының 5 шақырымында, жол жиегінен табылды.

- Глубокое ауданының ПБ қызметкерлері аталған дерек бойынша «Ұстау» жоспарын енгізді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Глубокое аудандық ПБ қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні анықтап, ұстаған. Жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындаған. Көлік құралдары иелеріне қайтарылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (айдап әкету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив