Сот шешімімен 43 мигрант елден шығарылды – ШҚО

«Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 1009 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- Атап айтқанда, Шемонаиха ауданының ПБ қызметкерлері құжаттарды тексеру барысында РФ азаматының төлқұжаты бар, алайда ел аумағына кірген кезде ҚР азаматының құжатын пайдаланған әйел адамды анықтады. Нәтижесінде ол ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалап қана қоймай, сот шешімімен елден шығарылды, - деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.
Полиция қызметкерлеріне шетелдіктердің келгені туралы уақытылы хабар бермегені үшін 339 азамат, 43 шетелдік азаматтарға жұмыс бергені үшін 43 кәсіпкер жауапқа тартылып, сот шешімі бойынша 43 шетелдік елден шығарылды.
Сонымен қатар, криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 6 қылмыскерді қолға түсірді.