KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 7 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Өскеменде өткен арнайы операция барысында қылмыстық топ ұсталды

19.08.2022, 11:31 112
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері ҚР ҰҚК арнайы жасақтарының қатысуымен еліміздің шығысына есірткі жеткізумен айналысқан тұлғалардың қылмыстық әрекетінің жолын кесу мақсатында арнайы операция жүргізді. 
- Өскеменге синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын – 3,5 мың бір реттік дозаны әкелмек болған 35 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды. Көлігінің салонында онымен бірге әйелі де болған, оның айтуынша, күдік тудырмас үшін оны қасақана жолға шығарып алған, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 
Ведомствоның мәліметінше, біраз уақыттан кейін екінші қатысушы ұсталған. Одан 2000 бір реттік доза тәркіленді.
Қылмыстық топтың үшінші мүшесі, 24 жастағы Ақтөбе тұрғыны да ұсталып, одан 0,5 келіден астам альфа-ПВП психотроптық заты бар сұйықтық салынған 5 пластик ыдыс тәркіленді.
- Қабылданған шаралар облыс орталығына шамамен құны «қара нарықта» 65 миллион теңгеден асатын 8 мыңға жуық бір реттік дәрі-дәрмектің әкелінуіне жол бермеді, - дейді Талғат Шаяхметов Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПД басшысының орынбасары. 
Қазіргі уақытта үш күдікті де қамауға алынды, олардың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сарапталып, санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив