Өскемен
-18°
туман ветер 2 м/с, СЗ
468.98 493.74 7.59

Іздеуде жүрген азамат РФ аумағынан табылды - ШҚО

18.08.2022, 16:31 6 0 Ләззат Қанатқызы

ШҚО жедел уәкілдері іздеуде жүрген азаматты Ресей Федерациясының аумағынан ұстады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

2019 жылдың маусым айында Риддер қалалық ПБ қызметкерлері зираттардың темір қоршауларын ұрлап, металл қабылдау пункттеріне тапсырумен айналысқан 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Сот аталған азаматты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша соттап, алайда жазаны қоғамнан оқшаулаусыз өтеуге мүмкіндік беріп, сот үкімімен оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

-        Сотталушы тәртіпке бағынбай, өзіне жүктелген міндеттерді бұзыр, Риддер қаласының пробация қызметінің бақылауынан жасырынған. Одан кейін 2020 жылы пробация қызметінің қызметкерлері іздестіру жариялау үшін сотқа құжаттар жолдап, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері іздестіріліп жатқан сотталушының РФ-да жасырынған жерін анықтады. Қазіргі уақытта экстрадициялау мәселесі шешілуде, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив