KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
447.4 477.55 4.76

Өткен жылы ШҚО-да 250 килограммнан астам есірткі тәркіленді

12.03.2021, 10:22 211

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев ішкі істер органдарының жұмысындағы маңызды бағыттың бірі нашақорлықпен күрес екенін атап өтті.

- 2020 жылы 253 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 157 факті есірткі өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан барлығы 256 кг. әртүрлі есірткі алынды,- деді С.Мәдиев. 

ШҚО бас полицейі полиция қызметкерлері еліміздің оңтүстік өңірлерінен алты есірткі жеткізу арнасының жолын кесіп, бес қылмыстық топты залалсыздандырғанын хабарлады.

Сонымен қатар есірткіні насихаттау мен жарнамалауға қарсы күрес белсенді жүргізілуде. Есірткі сайттарын жарналамайтын 112 «граффити» анықталып, жойылды, есірткі тұтынуды насихаттайтын 73 интернет аккаунт бұғатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив