KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған. Барлығы ату үшін жарамды

4.03.2021, 14:04 182

18 ақпанда Риддер қаласы Полиция бөліміне 51 жастағы ер адамның пәтерін жеке тінту жүргізу кезінде оқ-дәрілер анықталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ШҚО ПД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде күдіктіден 199 дана патрон табылып, тәркіленді, олар маманның қорытындысы бойынша 5,6 мм калибрлі ойық қаруға оқ-дәрілер және 6 дана патрон, тегіс ұңғылы қаруға 16 калибр оқ-дәрі болып шықты. Олардың барлығы ату үшін жарамды. Бұл ретте 5,6 мм калибрлі 199 патрон зауыттық тәсілмен дайындалған, ал 16 калибрлі 6 патрон қолдан жасалған тәсілмен жарақталған.

- Ұсталған ер адамның азаматтық қарудың иесі емес екені анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, -деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив