KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
439.4 473.54 4.76

Өскемендік тұрғынның қалтасынан есірткі табылды

18.10.2022, 16:03 195

Облыс орталығының тұрғыны синтетикасы бар 23 ораманы қалтасына салып жүрген.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҰ ЖСН қатысуымен Самар тас жолы маңындағы теміржол өткелінің жанында "Рефлекс" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында 28 жастағы өскемендікті ұстаған.

Ұсталған азаматты жеке тінту барысында полиция қызметкерлері шорты қалтасынан ұнтақ пен түйіршік түріндегі изолентамен оралған 23 ораманы тәркілеген.

-        Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған зат салмағы 1,52 грамм "альфа - pvp" және жалпы салмағы 19,02 грамм "мефедрон" психотропты зат болып табылған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтілуде, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив