Өскемен
-21°
плотный туман Штиль
468.9 485.64 7.7

«Сергектің» көмегімен есірткі зертханасы анықталды - Өскемен

9.08.2022, 17:00 2 0

Өскеменде есірткі даярлайтын жасырын зертхана жойылды. 
Өскеменде есірткі зертханасының көзі жойылып, есірткінің ірі партиясын тәркіленді.  ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері Назарбаев даңғылындағы үйлердің бірінде басқа қаладан келген жігіт тұратынын және пәтерден тек кешке шығатыны туралы ақпарат алды.

- Бұл ақпаратты пысықтау үшін бейнебақылау камералары сүзгіден өткізілді. Бақылау барысында жас жігіттің күн сайын пәтерден кешке рюкзак көтеріп шығып, ауданды айналып өтіп, түнде үйге оралатыны анықталды. Есірткі қоятын кейбір орындар белгілі болды, - деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі. 

Қылмыстық іс-әрекеттің қажетті дәлелдерін жинаған полиция қызметкерлері арнайы жасақ жауынгерлерімен оны ұстады.
Ұсталған кезде күдіктіден “альфа-pvp” синтетикалық есірткісі бар 30 түйір тәркіленді.
Жауап алу барысында ұсталған азаматтың бұрын Қарағандыда тұрғаны, ал Өскеменге ақша табу үшін, яғни есірткі өндіру және өткізу үшін келгені анықталды.
Полицейлер жалдамалы пәтерді тінту барысында күдіктінің қолдан жасап, сатуға дайындаған тағы 600 грамм синтетикасын тәркіледі. Барлығы 2 мың дозадан астам есірткі табылды.ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив