KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
439.43 473.31 4.82

Телефонын ұрлап, мобилді қосымша арқылы ақшасын шешіп алған - Өскемен

18.01.2021, 12:14 138

Полицияның берген мәліметі бойынша, ұрлыққа жәбірленушінің досының қатысы бар.

22 жастағы азамат Солжағалау полиция бөліміне ұрлық туралы арызымен жүгінген. Арызданушының айтуынша, танысы үйіне қонаққа келген. Қонағы үйден кеткеннен кейін смартфоны жоғалғанын байқаған.

Осылайша ұры мобильді қосымша арқылы өзіне 8000 теңге аударып алған.

- Криминалдық полиция қызметкерлері өз кінәсін мойындаған 28 жастағы күдіктіні ұстады, - деп хабарлады Өскемен полиция бөлімінің баспасөз қызметі. - Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив