KZ
Өскемен
+23°
ясно жел 3 м/с, Ю
440.92 475.36 4.82

Су қоймаларынан 2000 метрден астам ау тәркіленді – ШҚО

17.10.2022, 09:40 184

4-7 қазан аралығында ШҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және аңшылық шаруашылығына жедел ден қою жасағы» КММ инспекторларымен бірлесіп Алтай ауданы, Күршім және Самар аудандарының су айдындарында рейдтік іс-шаралар өткізген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-        Рейд барысында балық аулау қағидаларын бұзушылықтың 2 фактісі және жануарлар әлемін пайдалану талаптары мен аң аулау қағидаларын бұзушылықтың 2 фактісі анықталды. Кінәлі тұлғаларға қатысты барлық фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігі, 383-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жауапты мамандар ұзындығы 2100 метр болатын 21 дана ҚХР өндірген синтетикалық ау мен шаян аулауға арналған 7 құрылғы тәркіленіп алынған.

Жыл басынан бері өңір бойынша 931 рейдтік іс-шара өткізіліп, ҚР табиғатты қорғау заңнамасының 907 бұзушылығы анықталды. 15 мың метрден астам синтетикалық торлар мен шаян аулауға арналған құрылғылар жойылған. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив