KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, С
444.32 473.33 4.76

Бақташы дрон – Джо

25.04.2023, 21:41 866 Оразай Жеңісұлы

Израильдік BeeFree Agro компаниясы мал жаюға арналған дрон жасады. Жаңа техника бақташының жұмысын жеңілдетіп, мал шаруашылығындағы шығынды азайтпақ.

Дрон дегенде әр адамның есіне әдемі көріністерді жоғарыдан құс көзімен түсіретін ұшқыш аппарат елестейтіні сөзсіз. Алайда израильдік өнертапқыштар оның басқа бір қырын ашқан.

BeeFree Agro компаниясының негізін қалаушылар – Ноам Азран мен Двир Коэн ірі қараны еш қиындықсыз бағатын дронды жасап шығарған. Оларды мұндай техниканы жасауға мал шаруашылығындағы шығын мен уақыттың тапшылығы итермелеген.

«Джо» атауын алған дрон ірі қараны толық бақылауға алып, иесіне оның қай жерде жайылып жүргенінен бастап, денсаулығы туралы ақпаратты да жібереді. Ол үшін малдың мойнына арнайы GPS орнатылған құрылғы тағылады. Сол арқылы ірі қараның барлық жағдайы бақылауда болады. Сонымен қатар аталмыш дрон қора мен қоршаудағы тесіктер туралы да ақпаратты жинақтайды. Компания мал бағуға DJI Mavic Enterprise 2 дрондарын бейімдеуде. Бұлар әсіресе адамның жүріс-тұрысы қиын таулы аймақтарда, жайлауда өте пайдалы болмақ. Оның үстіне, «Джо» мал шаруашылығындағы шығынды екі есеге қысқарта алады. Себебі оған тек электр қуаты мен ұқыптылық керек.

BeeFree Agro аталмыш жобасын 2022 жылғы аграрлық көрмеде сәтті қорғап, он мың доллар көлемінде сыйақы жеңіп алды. Қазір олардың жобасы Араб Әмірліктерінен қолдау тауып, түйе бағуға бейімделген жаңа түрін жасауға кіріскен.

Ынтымақ Толқын

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив