Өскемен
+7°
небольшая облачность ветер 1,3 м/с, В
474.47 503.51 4.88

Шығысқазақстандықтар жаңа технологияларды сынап көрмек

Фото: ашық дереккөз

29.05.2023, 23:46 1 436 0 Дәурен Аллабергенұлы

Ертең Өскеменде ШҚО үшін бірегей New generation IT-көрмесі өтеді. Онда өңірдің оқушылары мен студенттері өздерінің ғылыми жобаларын ұсынады.

Облыстық білім басқармасында түсіндіргендей, IT фестивалі – еліміздің Шығысындағы бірегей фестиваль, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Қатысушылар өз жұмыстарын алты секторда таныстырмақ – Kids Skills, Maker Fest, Junior Skills, Startup-жобалар, Robotime және ClusterPro. Фестиваль қорытындысы бойынша тәуелсіз сарапшылар үздік IT-жобаларды анықтайды. Ал көрермендер көзайымы сыйлығын келушілердің онлайн-дауыс беруі анықтап береді, – деп түсіндірді облыстық білім басқармасындағылар.

Айта кетейік, фестиваль алаңында ғылыми ойын-сауық аймағы жұмыс істейді. Онда келушілер IT саласындағы ең жаңа жетістіктерді тамашалай алады. Онда толықтырылған шынайылық аймағы, 3D фото аймағы, фотостенд жабдықталған.

Сондай-ақ фестивальда облыстық Skills for geeks чемпионатының, облыс педагогтары арасында өтетін IT-Ūstaz 2022 байқауының жеңімпаздары марапатталады. 10 үміткерге алдағы бір жарым жылда StartUp-жобаларды іске асыру үшін облыс әкімінің грантына сертификаттар табыс етіледі. Қонақтарға өткен жылдың 10 IT-StartUp-жобасын іске асыру қорытындылары ұсынылады.

New generation IT-көрмесі "Ертіс концерт" алаңында ұйымдастырылады.

1 436
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив