KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Вертикальді егіншілік

сурет ашық дереккөзден алынды

30.05.2023, 21:30 171 Оразай Жеңісұлы

Вертикальді егіншілік дегенді естуіңіз бар ма? Көршілес Қытай елі аталмыш технологияны пайдаланып, жылына он екі рет өнім жинауда.

Күн санап көбейген қала халқын тұрақты түрде көкөніспен, жеміс-жидекпен қамту – өзекті мәселе. Оның үстіне дүкен сөрелеріне келетін өнімдердің бәрі сапалы бола бермейді. Оған себеп – шалғайдан тасымалдануы. Қытай ғалымдары осы мәселенің шешімін вертикальді егістіктің көмегімен шешкен. Қытайдың Beijing AgriGarden Protected Garden Technology Co компаниясы аталмыш егіс тәсілін ең алғаш болып қолданып, табысын арттырған.

Вертикальді егістіктің артықшылығы көп. Ең бірінші, мұндай егіс алқабы өте ауқымды жерді талап етпейді. Оның үстіне алыс аудандардан жер іздеп, егін егіп, оны қайта тасымалдауға шығындалмай-ақ, қаланың қақ ортасында аталмыш кәсіппен айналысуыңызға мүмкіндік бар. Дәстүрлі егіншіліктен жылына бір не екі мәрте өнім алынады. Ал вертикальді егістікпен айналысып отырған Beijing AgriGarden Protected Garden Technology Co компаниясы жылына 12 рет өнім жинауда. Оған себеп – жылыжай ішіндегі жыл көлемінде бірдей болатын тұрақты температура мен ерекше күтім.

Аталмыш компания көкөніс өсіруде ешқандай химикатты қолданбайды. Қазір олардың егіс аумағы 100 мың шаршы метрге жетіп отыр. Мұнда өсетін қызанақтардың биіктігі 4 метрден асады.

Вертикальді егіс алқабында өскен жемістер мен көкөністердің тағы бір артықшылығы – топырақ арқылы тарайтын ауруларға төтеп бере алуында. Себебі мұндай егіс алқаптарындағы өнім құм мен қиыршықтастарға құйылған қоректік затқа бай суларда өсіріледі.

Қытайлық компания алдағы уақытта қалалардағы метроларда осындай вертикальді егіс алқаптарын орналастыруды жоспарлап отыр. Сол арқылы компания қала халқын таза өніммен қамтып қана қоймай, тұрғындардың уақытын үнемдеп, базар аралап сандалмауына жағдай жасамақ.

Ынтымақ Толқын

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив