KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 2 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Қазақстанда суицид статистикасы төмендеді

Фото: ашық дереккөз

23.04.2023, 16:33 923

Қазақстанда суицид саны 7%-ға, суицид әрекеті 17,5%-ға төмендеді

 ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (ҚР БП ҚСжАЕК) деректері бойынша, 2022 жылы аяқталған суицид жағдайларының саны 4 мыңнан 3,7 мыңға дейін қысқарды, – деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Егер бұл көрсеткішті соңғы бес жылдағы көрсеткіштермен салыстыратын болсақ, онда ол орташа деңгейде. 7%-ға қысқару 2021 жылы суицидтің жоғары санына байланысты. Қазіргі уақытта суицидтен болатын өлім-жітім де төмендеуде. 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында 526 қазақстандық өз-өзіне қол салған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға аз.

 Ағымдағы жылы өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің саны іс жүзінде аяқталған қайғылы жағдайлардың санына сәйкес келеді, атап айтқанда 3,7 мың (айырмашылық небәрі 65 жағдайды құрайды). Бұл көрсеткіш соңғы бес жылдағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Өткен жылы талпыныстар саны едәуір көп болды және 4,5 мыңды құрады, дейді ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мамандары.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстандағы жасөспірімдер суициді мәселесі жиі талқыланады. Алайда, статистикаға сүйенсек, ең осал жас тобын 30 жастан 54 жасқа дейінгі орта жастағы адамдар құрайды. Олар барлық аяқталған суицид әрекеттерінің 54,9%-ы. Егде жастағы адамдар 55 жастан бастап, 23,5% үлесімен суицидтер саны бойынша екінші орында.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив