KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 7 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Көпірден секірем деген жоспарын полицерлер іске асырмады

Өскемен ПБ баспасөз қызметі

6.05.2023, 09:18 1 478

Ағымдағы жылдың 3 мамырында түнгі сағат 22.00 шамасында Өскемен қалалық ПБ жедел басқару орталығының «102» арнасына қала тұрғынынан Үлбі көпірінен суға секіргелі тұрған жігітті көргені туралы хабарлама келіп түскен.

Хабарламаны алған бойда Өскемен қалалық ПБ жедел басқару орталығының жедел кезекші-инспекторы рация арқылы жақын маңда жүрген полиция қызметкерлеріне жолдайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  Бағыт бойынша сол маңда қызметтік міндеттерін атқарып жүрген «Боран-6» ПА экипажы құрамында Өскемен қ. ПБ ЖПБ қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Руслан Рашидов және ЖПБ қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Досым Кенесбаев хабарламаны естіген бойда оқиға орнына келіп, жас жігіттің көпірден суға секірмекші болып тұрғанын көреді.

Сол мезетте патрульдік полиция қызмет инспекторы Руслан Рашидов жігітті сөзге тартып, тоқтатуға тырысады, ал Досым Кенесбаев жігіттің ту сыртынан білдіртпей барып, ұстап қалып, екі жақтап жігітті қауіпсіз жерге шығарады. Болған оқиға олардың кеудеге тағатын қызметтік бейнежетондарына жазылып қалған.

Сол жерге шақыртумен келген медицина қызметкерлері 23 жастағы жас жігітті тексеріп, оның өміріне ешқандай қауіп жоқтығына көз жеткізеді. Ары қарай мән-жайды анықтау үшін жігіт Өскемен қалалық полиция басқармасына жеткізіледі.

    Бұл жағдайды батырлық жасадық деп есептемейміз, себебі бұл – біздің міндетіміз. Біздің әрбір азамат осындай әрекет жасайтын еді,  дейді полиция қызметкерлері.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив