KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Семейде ер адам киімін шешіп, балаларды қорқытқан

Фото: Polisia.kz

30.05.2023, 16:16 5 435

Семей полициясы балаларды шошытқан күдіктіні тауып, қамауға алды.

27 мамырда Әуезов полиция бөлімінде осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып.

  "Осы факті бойынша Семей қаласының 42 жастағы тұрғыны анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу барысы туралы өзге мәліметтер жария етілмейді", делінген хабарламада.

Бұған дейін Семейде әлеуметтік желілер арқылы бейтаныс ер адамның өзінің жыныс мүшесін үйдің кіреберісінде балаларға көрсетіп, қорқытқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив