Өскемен
-24°
плотный туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ШҚО тұрғындары Ана мен бала орталығының жұмысына неге шағымданды?

31.10.2022, 18:39 314 0 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО тұрғындары әлеуметтік желілерде Ана мен бала орталығының қабылдау бөлімшесінің жұмысына шағымданған болатын. Осыған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сағидуллина аталған медициналық мекемеде болып, орталықтың қабылдау бөлімшесінің жұмысымен және жоғары сырқаттану маусымына дайындықпен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бүгінде медициналық мекеменің қабылдау бөлімшесінде лор, офтальмолог, хирург, нейрохирург, жақ-бет хирургы сияқты  дәрігерлер қызмет көрсетеді. Түнде 11 маманнан тұратын бригада жұмыс істейді. Тәулігіне қабылдау бөлімшесі арқылы шамамен 180-300 адам өтеді. Бір айда орташа есеппен 3500-3700 кішкентай пациентті қабылдайды. Ана мен бала орталығының қабылдау бөлімшесіндегі пациенттердің ағымы осы жылдың тоғыз айында 36 мыңға жуық адамды құрады.

"Негізінен балалар  тұмау, ЖРВИ, жөтел және құлақ ауруы белгілерімен келеді. Олардың 50%-ы  - өз беттерімен қаралғандар. Үрейленген ата-аналарға мұрны бітеліп тұрған, бірақ дене қызуы 37,5 градустан аспаған бала ауруханаға жатқызуды қажет етпейтінін көбінде түсіндіру мүмкін емес. Мұндай пациенттерді емханалар өздері қарау керек. Дәл осындай қарбалас  жағдай өткен демалыс және мереке күндері байқалды. Тәулігіне 200-ге жуық бала келіп түсті. Олардың 18-20% -ы ғана ауруханаға жатқызылып, қалған 80%-ы амбулаториялық емделуге үйіне жіберілді", - деп бөлісті қабылдау-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі Айнұр Жакимбаева.

Қазір, әдеттегі маусымаралық кезеңдегідей, бөлімшеде  балалар бронхит, пневмония, асқынған ЖРВИ сияқты  респираторлық патологиялармен жатыр. Орталықтың бас дәрігері Жайық Жұмахановтың айтуынша, бұл мәселені шешу үшін бөлімшеде қосымша орындар ашылуда.

Сапар барысында салалық басқарма басшысы қабылдау және фильтр бөлімшелерінде болған балалардың аналарымен сөйлесті. Облыс орталығының бір тұрғыны басқарма басшысына баласының температурасы үш тәулік бойы көтерілгенін, бірақ тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінбегенін айтты.

"Іс жүзінде орталықтың  дәрігерлері қабылдау бөлімшесі мен фильтрде көбінде емхана дәрігерінің функцияларын орындайды. Науқастарға алғашқы уақытқа ұсынымдар айтылып, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) қызметіндегі педиатрға жүгінуге нұсқау беріледі", - дейді Жайық Жұмаханов.

Орталықтың фильтр бөлімшесінің жұмысына келетін болсақ, бұл жерде тәулігіне температурасы бар 80-110 балаға қызмет көрсетіледі. Медициналық мекеме әкімшілігі келушілерге ыңғайлы болу үшін фильтр дәлізін кеңейту мәселесін шешуді қарастырып жатыр екен.

"Ата-аналардың МСАК-те балаларға сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін қызмет көрсетілетінін және емханаларда «шұғыл көмек» қызметі жұмыс істейтінін есте ұстағандары жөн. Сондықтан «жедел жәрдемге» қоңырау шалмас бұрын ауруханаға жатқызу көрсеткіштерінің жоқтығына көз жеткізіп,  емхананың «шұғыл көмек» қызметіне жүгіну қажет. Науқастардың ағымы бастапқы буыннан бастап дұрыс бөлінуі тиіс", - деп атап өтті Гүлмира Сағидуллина.

Гүлмира Сағидуллина Ана мен бала орталығы басшылығына фильтр жұмысын қайта қарауды, науқастардың ағынын бөлуді, пациенттерді қолдау қызметін күшейтуді ұсынды. Оның өкілдері тікелей қабылдау бөлімшесінде болып, пациенттермен жұмыс істеуі және олардың сұрақтарына жауап беруі керек. Басқарма басшысы, сонымен қатар, науқастарды сұрыптау жұмысын ширата түсу туралы тапсырма берді.

 

 

 

Айна ЕСКЕНҚЫЗЫ

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив