Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2020 жылдың 28 қыркүйегіне валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Рухани келісім күніне орай ШҚО-да ауқымды іс-шаралар өтіп жатыр

0

 Рухани келісім күніне орай облыстың барлық қалалары мен аудандарында елдегі конфессияаралық бірлік пен ынтымақты айшықтаған ауқымды іс-шаралар өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ал облыс орталығы – Өскемен қаласында кеше мерекелік датаға арналған «Рухани музыка және поэзия кеші» өтті. Маңызды шараға облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қатысып, облыс басшылығының атынан құттықтады.

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында өткен кештің бағдарламасы «Рухани келісім – бірлікке апаратын жол!» тақырыбындағы әлемдік діндер атрибуттары мен заттарының, сондай-ақ көркем және қолданбалы өнер көрмесінің ашылуымен басталды.

Көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай қорығының қорынан жеткізілген, сонау 1637 жылы Мәскеу баспа сарайында басылған діни кітаптардан бастап қазіргі уақытта жарық көріп жатқан, өңірдегі дәстүрлі діндерді насихаттайтын түрлі тақырыптардағы қасиетті діни кітаптар, ғибадаттық заттар және түрлі кәдесыйлар қойылған.
Бұдан бөлек Құран-Кәрімнің бірнеше тілге аударылған нұсқалары да келушілердің назарына ұсынылды. Облыстық Халифа Алтай мешітінің жанынан ашылған Ислам мәдениеті мұражайынан да мұнда Ислам мәдениеті мен тарихынан сыр шертетін жиырмаға тарта құнды діни кітаптар, сөздіктер әкелінген екен. Көрмеге қатысушылар кеңестік заманға дейін облыс аумағында салынып, кейін түрлі себептермен жойылған, пайдалану мақсаты өзгерген діни ғимараттардың да қалпына келтірілген макеттерін тамашалады. Олардың ішінде 1830-шы жылдар басында бай көпестер салдырған Өскемендегі алғашқы мұсылман мешіті, қазіргі Жастар саябағы аумағында тұрған Покров ғибадатханасының макеттері бар. Сонымен қатар заманында Абайлар, Шәкәрімдер мінәжат еткен Семейдегі Ахмет Риза мешітінің сәулеттік ғимараты да келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды.

– Бүгінгі көрмеге бірқатар электронды оқулықтарды да әкеліп отырмыз. Олар Британия, Кембридж университеттерінде сақталған кітаптардың электронды нұсқалары. Бұларды Түркияның Стамбул қаласынан алдырдық. Бұлардың ішінде қазақ халқының тарихы мен мәдениетінен мол мағлұмат беретін «Жамиғ ат-Тауарих» секілді аса құнды дүниелер бар, – дейді Халифа Алтай мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин.

Көрмені өскемендіктермен және қала қонақтарымен бірге тамашалаған облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова мұнан соң Достық үйінде өткен рухани кешке қатысып, облыс тұрғындарын Рухани келісім құттықтады, сонымен бірге өңірдегі ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосып жүрген бір топ мемлекеттік қызметшілер мен діни бірлестіктер жетекшілерін «Шығыс Қазақстан облысының Грамотасымен» марапаттап, естелік сыйлықтар тапсырды.
– Бұл мерекенің көпұлтты және көпконфессиялы еліміздің өркендеп, дамуында алатын мәні мен маңызы ерекше. Сондықтан да Елбасымыз 1992 жылдың 18 қазанында Рухани келісім күнін бекітті. Оның нәтижесін өздеріңіз бүгін көріп отырсыздар. Біздің облыста да түрлі ұлттар мен ұлыстар діні мен сеніміне қарамастан тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл тәуелсіздігіміздің басты жемісі. Осындай тамаша Рухани келісім күні барша шығысқазақстандықтардың отбасына бақыт, бейбітшілік, мейірімділік пен жасампаздық және татулық пен келісім тілеймін, – деді Әсем Нүсіпова.

Кеш барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы Ермек Мұқатай барша жиналған қауымды Рухани келісім күнімен құттықтап, аймақта атқарылып жатқан, дінаралық тұрақтылықты сақтауға бағытталған шаруаларды нақты мысалдармен баяндап өтсе, Өскемен және Семей епархиясының епископы Амфилохийдің арнайы жолдаған құттықтауы оқылды.

Рухани келісім күніне арналған кеш көркемөнерпаздар шығармашылық ұжымдарының, діни және этномәдени бірлестіктердің, би топтарының арнайы әзірлеген тақырыптық концерттік бағдарламасына ұласты. Бұл күні өңірдің барлық қалалары мен аудандарында Рухани келісім күніне арналған мерекелік, танымдық іс-шаралар легі ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

27.09.20, 14:17

Шар қаласында 5 тұрғын үй қолданысқа беріледі

27.09.20, 13:22

Пневмония: науқастар саны 30 мыңнан асты

27.09.20, 12:13

Қазақстанда коронавирустан қанша адам жазылды?

27.09.20, 11:38

Коронавирус: бір тәулікте 64 науқас тіркелді

27.09.20, 10:01

Өскемен әкімі жөнделіп жатқан нысандарды аралап шықты

27.09.20, 09:39

Өскемендік оқушы халықаралық олимпиададан жүлделі оралды

27.09.20, 09:00

Күршім ауылында әлеуметтік нысандар көмірмен қамтамасыз етілді

26.09.20, 20:18

Өскеменде көшеде жалаңаш әйел жүр (видео)

26.09.20, 17:58

Семейдегі Бейбітшілік аралын қоқыстан тазартты

26.09.20, 16:30

Өскеменде жаңа сквердегі жұмыстар аяқталды (видео)

26.09.20, 16:02

ШҚО мәслихат хатшысының Жарма ауданына жұмыс сапары

26.09.20, 15:40

Күршімде көп балалы отбасыларға берілетін баспана салынып жатыр

26.09.20, 15:13

Өскеменде үйлерді жылуға қосу кестесі жарияланды

26.09.20, 14:43

COVID-19: 92 адамның жағдайы нашар

26.09.20, 14:00

Өскеменде жылу беріле бастады

26.09.20, 13:33

170 адам коронавирустан жазылып шықты

26.09.20, 13:01

ШҚО-да биіктігі 12 сантиметр қар жауды

26.09.20, 12:44

Коронавирус: бір тәулікте 69 науқас тіркелді

26.09.20, 11:55

Жарма ауданында 48 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіледі

26.09.20, 11:15

Бородулиха ауданында жылыжай салынады

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

16.06.20, 20:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

20.05.20, 12:04

АҚШ-тағы қазақ баласы. Ағайынды Теодор мен Рүстем бір-бірін тапты

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

28.05.20, 10:11

Коронавирус: Өскеменде 3 үй қоршауға алынды

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

28.03.20, 09:45

Өскемен карантинге жабыла ма? Даниал Ахметов жауап берді

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

28.01.20, 12:27

Қазақстанда короновирустың алдын алу шаралары күшейтілді

25.04.20, 10:23

Биік белестерді бағындарған әскери бөлім

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

27.09.20, 14:17

Шар қаласында 5 тұрғын үй қолданысқа беріледі

27.09.20, 13:22

Пневмония: науқастар саны 30 мыңнан асты

27.09.20, 12:13

Қазақстанда коронавирустан қанша адам жазылды?

27.09.20, 11:38

Коронавирус: бір тәулікте 64 науқас тіркелді

27.09.20, 10:01

Өскемен әкімі жөнделіп жатқан нысандарды аралап шықты

27.09.20, 09:39

Өскемендік оқушы халықаралық олимпиададан жүлделі оралды

27.09.20, 09:00

Күршім ауылында әлеуметтік нысандар көмірмен қамтамасыз етілді

26.09.20, 20:18

Өскеменде көшеде жалаңаш әйел жүр (видео)

26.09.20, 17:58

Семейдегі Бейбітшілік аралын қоқыстан тазартты

26.09.20, 16:30

Өскеменде жаңа сквердегі жұмыстар аяқталды (видео)

26.09.20, 16:02

ШҚО мәслихат хатшысының Жарма ауданына жұмыс сапары

26.09.20, 15:40

Күршімде көп балалы отбасыларға берілетін баспана салынып жатыр

26.09.20, 15:13

Өскеменде үйлерді жылуға қосу кестесі жарияланды

26.09.20, 14:43

COVID-19: 92 адамның жағдайы нашар

26.09.20, 14:00

Өскеменде жылу беріле бастады

26.09.20, 13:33

170 адам коронавирустан жазылып шықты

26.09.20, 13:01

ШҚО-да биіктігі 12 сантиметр қар жауды

26.09.20, 12:44

Коронавирус: бір тәулікте 69 науқас тіркелді

26.09.20, 11:55

Жарма ауданында 48 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіледі

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: