KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскемен гарнизонында қысқы оқу кезеңі басталды.

7.12.2022, 15:37 505 Ләззат Қанатқызы

Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне қарасты барлық әскери бөлімдері мен құрылымдарында бекітілген жоспарға сәйкесқысқы оқу жылының жауынгерлік әзірлікке келтіру кезінде жеке құрамның іс-қимыл дағдыларын жетілдіруге бағытталған кешенді тактикалық-саптық сабақтар өткізіліп жатыр.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімінің жеке құрамыдажауынгерлік әзірліктерін пысықтауда. Қысқы оқу кезеңі бастапқы аптасындағы жауынгерлік әзірлікке келтірудің алдында қауіпсіздік шараларынжеткізу бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар, әскери қызметшілерге штаттық қару мен әскери техниканы бекіту шаралары жәнекешенді тактикалық-саптық сабақтары өткізіледі.

Мұндай сабақтарды өткізудегі негізгі мақсат -  әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлігін және олардың үйлесімділігін тексеру. Әскери қызметшілердің жүктелген міндеттерін іс-жүзінде орындай алулары да басты назарда.Қысқы оқу-жаттығу жиыны бірнеше кезеңнен тұрады. Ең алдымен жеке құрам «Дабыл» бойынша көтеріліп, сапқа тұрды. Жеке құрамның саптық дайындығытексеріліп, «Дабыл» пәрменінде жедел әрекет ету машығын тағы бір пысықтап алды.

-  Өздеріңізге білгілі, жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес, 27943 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындығын жетілдіру мақсатында тактикалық-саптық жабақтыры өткізіп жатыр. Біз бүгін жеке құрамның саптық жүріс-тұрысын, бекітілген орынға уақытылы жиналуын тексердік.Ел Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Басқолбасшысының талаптары негізіндегі міндеттерді жеткіздік, - деді 27943 әскери бөлімікомандирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары Марат Бралинов.

Сабақ барысында жеке құрам,яғнибөлімшелер мен бөлімдердің жауынгерлік әзірлігі, оның ішінде белгіленген аудандарға техникамен шығып, барлық әскери қызметшілердің практикалық іс-қимылдары жетілдірілді.

- Мұндай практикалық сабақтар әскерилерге берері көп. Себебі, жеке құрам кез-келген жағдайға дайын, жауынгерлік тапсырмаларды сенімді орындап, сергек болуы тиіс, -деген пікірде взвод сержанты аға сержант Аденов Талғатбек.

Оқу-жаттығу сабақтары нәтижесінде өздерінің жоғары кәсіби біліктіліктерін көрсетіп,ерекше көзге түскендер алғыс хаттармен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив