KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, З
448.15 483.46 4.86

Әлібек Қаңтарбаев: Өңірімізде ауқымды жұмыстар атқарылуда

8.12.2022, 15:35 605 Ләззат Қанатқызы

Әлібек Қаңтарбаев, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы:

 – Даниал Кенжетайұлы әкім болып келгелі Шығыстағы қазақ руханиятының тамырына қан жүігіріп, игілікті іс-шаралар қолға алына бастады. Тіпті, жақсы жұмыстар жүзеге асты деуге болады. Оны әр жылдар бойынша парақтап айтар болсақ, 2018 жылдан бастап «Абай әлемі» кітаптар сериясымен 176 миллион теңгеге 60 мың дана кітап шығардық. Бұл енді бір кітапханаға парапара дүние. Бұл – Шығыстағы әдебиеттің жауһарлары. Абайдан бастап, бүгінгі таңда әдебиет әлеміне қадам басқан жастарға дейін шығармаларын жарыққа шығарды. Ешкім қалыс қалған жоқ. Өткенде әкімнің қабылдауында болып, бұл жобаны ары қарай жалғастыру туралы келісімге келдік. Бұл – біз үшін, руханият үшін үлкен мүмкіндік. Екінші бір ауыз толтыра айтарлық дүние – «Төр Алтай» журналы әкімнің қолдауымен жарыққа шыға бастады. Бұл журналда да Шығыстың әдебиеті мен мәдениетіне қатысты дүниелер жарық көріп жатыр. Сонымен қатар «Төр Алтай жырлайды» атты поэзия фествалі жыл сайын өтіп келеді. Бұл да жастарға үлкен қолдау. Биыл алғаш рет республикалық деңгейде проза байқауы өтті. Оны енді жыл сайын өтетін қылып дәстүрге айналдырмақпыз. Осындай-осындай ауқымды дүниелер істеліп жатыр. Келер жылы Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойын атап өту жоспарда бар. Оны да облыс басшылығы назарына алды.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив