KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Қасым Қайсенов кентіне жаңа емхана қашан салынады?

4.10.2022, 14:57 206

Ұлан ауданында 2 ауылдық дәрігерлік амбулаторияға жөндеу жүргізіліп, тағы бір емхана құрылысы басталуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-        Айыртау мен Герасимовка ауылдарындағы 2 ауылдық дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 3 млн. теңге көлемінде жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр, - дейді аудан әкімі Ренат Құрмамбаев.

Аудан әкімінің айтуынша, Қасым Қайсенов кентінде емхана салу үшін құжаттар әзірленіп облысқа жолданған. Себебі, қомақты қаражат аудан бюджетінен бөлу мүмкін емес болып отырған көрінеді. Ал, емхана құрлысы 2023 жылы басталады деп жоспарланған.

-        Сондай-ақ, босандыру көмегінің 1-ші деңгейіне көшуге және Таврия ауылында жоспарланған перзентхананың ашылуына байланысты аудандық ауруханаға жалпы сомасы 189 млн.теңгеге жаңа медициналық жабдық сатып алынды, - деп түсіндірді аудан басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив