Тарбағатай аудынына бөлінетін қаржы 4 есеге артты

Тарбағатай ауданы тұрғындары тарапынан көтерілген проблемалық мәселелерді ескере отырып жасалған қысқа мерзімді даму жоспарының жүзеге асу барысы жайлы ШҚО ӨКҚ алаңында Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев тоқталып өтті.
Аудан бөлінгеннен бері 450,0 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініп, ауданды дамытуға бөлінген барлық қаржы көлемі 1,2 миллиард теңгені құраса, осы жоспар шеңберінде 2023 жылы 4,3 миллиард теңге қаржы жоспарланып, бөлінетін қаржы көлемі 4 есеге артпақ. «Проблемалық мәселелерді шешуге бағытталған алғашқы жоспар жобасы 6,8 миллиард теңге болатын, алайда, жоспар облыс әкімінің қаралуына кіргеннен кейін, өңір басшысының ықпалымен аталған жоспар 7,2 миллиард теңгеге дейін артып, әлеуметтік саладағы 47 мәселе шешімін табатын болып бекітілді.
«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аудынымызда қарқынды жүзеге асуда. Алғашында біз тұрығын үй салу жұмыстарының көлемін 306,0 миллион теңгеге қорғаған болатынбыз. Алайда, Даниал Кенжетайұлының тапсырмасымен қаржыландыру көлемі 3 есеге ұлғайғанын атап өткім келеді» деді Дархан Жөргекбаев мырза. Тарбағатай ауданының 2022-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар жасалынып, жобаларға тиісті қаржылар бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда денсаулық сақтау саласы бойынша 2022 жылы Ақжар ауылындағы аудандық ауруханасын орталықтандырылған оттегімен жабдықтау мақсатында оттегі генераторын орнату үшін 45,0 миллион теңге қаржы бөлініп, «СК-Фармация» ЖШС-і арқылы мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілді, аурухананың барлық стационарлық бөліміне оттегі жүретін желі тарту үшін «Парыз» қорынан – 37,3 миллион теңге қаржы бөлінді. Аурухананың перзентхана бөліміне және ғимараттың жылу, кәріз, су жүйелерін күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 16,7 миллион теңге қаражат бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар 2023 жылы аудандық аурухананың перзентхана бөліміне күрделі жөндеу жұмыстарына 162,0 миллион теңге аудандық аурухана ғимаратының жылу, кәріз, су жүйелерін күрделі жөндеуге 140,0 миллион теңге қаржы бөлу қарастырылған. Және Құйған, Тәуке ауылдарының медициналық пунктерін күрделі жөндеуге 170,0 миллион теңге қаржы қарастыру жоспарланған. 2024 жылға Тұғыл ауылының дәрігерлік емхана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге 5,0 миллион теңге, 2025 жылы күрделі жөндеуден өткізуге 100,0 миллион теңге қаржы бөлу жоспарланыпты. Тарбағатай ауданында білім саласынада ерекше көңіл бөлініп жатқаны туралы брифинг барысында аудан әкімі айтып өтті. «Білім саласы бойынша 2022 жылы Ақжар өнер мектебі ғимаратын ағымдағы жөндеуге 40,0 миллион теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары басталды. 2023 жылы Шеңгелді ауылына 100 орындық мектепті Жолнұсқау ауылының жобасы негізінде салу жоспарланып отыр. Ақжар ауылында Билялов атындағы мектеп-лицейдің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге 119,0 миллион теңге жоспарланып, оған ғимараттың жылу жүйесі мен терезелерін ауыстыру жұмыстары жасалса, алдағы жылдарда ішкі әрлеу жұмыстары мен электр жүйелерін жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттар жасау жоспарда бар. Маңырақ ауылындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізудің жалпы құны 358,0 миллион теңге қарастырылады.
2023 жылы Тұғыл ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, 2024 жылдан күрделі жөндеуден өткізуге 365,0 миллион теңге қаржы қарастыру жоспарланған» дейді Тарбағатай ауданының әкімі. Алдағы уақытта Тұғыл ауылынан Республикалық «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында дене шынықтыру және спорт кешенін салуға жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы бойынша құны 922,0 миллион теңге құрамақ. Жоба 2023-2024 жылдары іске асырылған жағдайда Тұғыл ауылында әлемдік дәрежедегі турнирлер мен халықаралық жарыстар өтпек.
Ауданда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көше жарықтарын орнату жұмысы да қолға алынды. Биылғы жылдың өзінде 72,0 миллион теңгеге аудан орталығының 17 көшесіне және Тұғыл ауылының 9 көшесіне жарық шамдары орнатылды. Нәтижесінде Ақжар ауылының негізгі көшелері 97,0% көше жарығымен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыс жүйелі түрде жалғасын таппақ. Тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Жаңаауыл ауылының су құбырын қайта жаңғырту жұмыстарына 442,0 миллион теңге, Құйған ауылының су құбырын қайта жаңғыртуға 464,0 миллион.теңге қарастырылған. Ал Ақжар ауылындағы кәріз жүйесі толығымен 2024 жылы іске қосылады. Тұрғын үйлерге тартуға 2023 жылы 220 миллион теңге, 2024 жылы 228 миллион теңге қаржы бөлу жоспарлануда деп айтып өтті брифингте аудан әкімі.

Сонымен қатар оқыңыз