KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Ұлан ауданында 20 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда

28.09.2022, 09:41 170

Ұлан ауданы бойынша ұлттық жобаларды іске асыру аясында 20 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Онда 752 жұмыс орнын, оның ішінде 222 тұрақты, 530 уақытша жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, деп хабарлайды  Алтайньюс тілшісі.
– Халықты жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына жәрдемдесуге бағытталған іс - шаралар жоспарында іс жүзінде 367 адам жұмысқа орналастырылды. 1148 жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде 647-тұрақты, 501-уақытша және маусымдық жұмыстар бар. Қажеттілік білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандары бойынша байқалады,-дейді аудан әкімі.
Сондай-ақ, ол өткен кезеңде 168 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 43,5 млн.теңге төленгенін айтты. Тұрғын үй көмегі 87 отбасына 2,5 млн.теңге сомасында тағайындалды және төленді. Ауданның 1614 тұрғынына жалпы сомасы 52,2 млн.теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

-Сонымен қатар, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Қасым Қайсенов кентінде 40 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жоспар бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады. "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша Мамай батыр, Таврия, Герасимовка және Сағыр ауылдарында 13 үй салынды. Қасым Қайсенов кентінде 9 екі пәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде, - деп атап өтті Ренат Құрмамбаев.
Сонымен қатар, Сағыр ауылында су құбырының құрылысы жалғасуда. Оны ағымдағы жылдың қараша айында аяқтау жоспарланып отыр. Пролетарка ауылында су құбыры желілерінің құрылысы басталды және І.Айтықов, Тайынты ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысы бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Сондай-ақ, ауданның 6 ауылында жалпы сомасы 300 млн. теңгеге су тазарту станцияларын салу жоспарлануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив