Өскемен
-18°
небольшая облачность ветер 2 м/с, СВ
472.14 498.39 7.65

Ұлан ауданы: Тұрғындар шағымданған ауыл жолдары қашан жөнделеді?

26.09.2022, 17:14 17 0 Ләззат Қанатқызы

Жыл басында әлеуметтік желіде Таврия, Жаңа Қанай, Жанұзақ, Азовое ауылдар мен Қасым Қайсенов кентінің тұрғындары жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы өтініш білдірген болатын. Аталмыш мәселе өз шешімін тапты ма?
Бұл сұраққа аудан әкімі Ренат Құрмамбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында жауап берді.
-        Ауданда "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша көлік инфрақұрылымында ауылішілік жолдарды орташа жөндеу жүргізілуде. Атап айтқанда, Қасым Қайсенов кентінде (4 км - 95,0 млн. теңгеге), Восточное ауылында (2 км - 39,9 млн. теңгеге) және Алмасай ауылы (2,6 км  - 65,0 млн. теңгеге) ауылдарындағы жолдарды жөндеу аяқталды, қаражатты үнемдеу есебінен қосымша жөндеу жоспарлануда Алмасай ауылындағы ауылішілік жолдардың құны 12,2 млн. теңге. Барлығы 9,1 км ауылішілік жолдар жөнделеді, - дейді аудан басшысы.
Ал, жоғарыда аталған ауылдарға келетін болсақ, Таврия ауылында былтыр 170 млн.теңгеге жолдар жөнделген. Сондықтан, биыл онда жол жөндеу үшін қаражат қарастырылмаған көрінеді.
-        Жаңа Азовое ауылдық округінде 3 ауыл бар. Яғни, Ескі Азовое, Жаңа Азовое және Бетқұдық. Ең бірінші мәселе – Бетқұдық ауылының жолы болған. Оған  аудандық бюджеттен 25 млн.теңге қаражат бөлініп, тегістеп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бірақ, айта кету керек, аталған ауылға асфальт төселген жоқ. Себебі, ол жерде сары балшық болғандықтан көктемде көп жерлер шайылып кетеді, - деді Ренат Тілеуханұлы.
Аудан әкімінің айтуынша, Жаңа Қанай ауылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарда бар. Десе де, биылғы бюджеттен оған ақша қарастырылмаған. Тек құжаттарын дайындап, келесі жылы "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша өтінім берілмек.
Сондай-ақ тұрғындардың айтуынша, «Аюда» демалыс орнына баратын Манат ауылы маңында асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталмаған. Ал, аяқталған жердің өзінде сапасы өте нашар екендігін айтып шағымданған тұрғындар.
-        Ол жерде 2020 жылы облыстық маңызы бар «Өскемен-Самар» тас жолының Манатқа дейінгі 10 шақырымына асфальт төселген. Қалған 20 шақырым жерге қаражат бөлінген жоқ. Енді қайтадан жобалық-сметалық құжаттама дайындау керек. Ол алдағы жоспарда бар, - дейді әкім.
Тек айта кету керек, 2 жылдан бері жол жөндеу жұмыстарының бағасы қымбаттаған. Сондықтан асфальттан басқа жол жамылғысын пайдаланылмақ. 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив